18
март
2025
“Қыздарға әсемдік жарасады” атты ерекше сайыс өтті.
Мектебімізде 8-10 сынып оқушылары арасында “Қыздарға әсемдік жарасады” атты ерекше сайыс өтті. Бұл шара қыздардың сұлулығын, инабаттылығын, ақылдылығы мен өнерін дәріптеуге арналды.
Байқау барысында арулар бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде олар өзін-өзі таныстырып, сахнада жүріс-тұрыс мәдениетін көрсетті. Екінші бөлімде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, мәнерлеп оқу арқылы көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар, интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Қатысушылардың дайындығы мен өнерін бағалаған қазылар алқасы “Мектеп аруы” атағын 8-сынып оқушысы Қожанова Сабинаға табыстады. Ол өзінің көркімен ғана емес, ақылдылығы мен ерекше қабілетімен де көпшіліктің көңілінен шықты.
Жеңімпаз ару арнайы марапатпен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға белсене қатысқан барлық арулар алғыс хаттарға ие болды.
Бұл кеш – жас аруларымыздың өз-өзіне деген сенімін арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тамаша шара болды. Барлық қатысушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта да осындай әсемдік пен өнерге толы кештер жалғасын табады деп сенеміз!
[media=https://youtube.com/shorts/CRHhFpYRqWM?si=5FA6yu96o2Aht-yU]