«Үштерек орта мектебі» КММ Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігі
27.11.21 күні мектептің оқу-әдістемелік жоспары бойынша, Эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Лучший эстетика бірлестігі мұғалімі» байқауы өтті. Байқау шарты бойынша бірінші кезеңде ұстаздар өзін таныстырса, екінші кезеңде қысқа мерзімді жоспар үлгісін қор,ап шықты. Ал байқаудың соңғы кезеңі ұстаздардың өз өнерін көрсетуімен аяқталды. Байқауда өзін-өзі тану пәні мұғалімі Б.Маншарипова бас жүлде, Г.Қылышбекова 2-орын, көркем еңбек пән мұғалімдері Бердібаева А.- 1 орын, Ермекбаева Б.- 3 орын, Аширбекова К. белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
Наурыз айында «Өнер мен білім ұштасқанда..» тақырыбында эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Онкүндіктің жоспарына сәйкес ашылуы «Бүгінгі күнге бір тілек» акциясымен басталды.
Шара барысында музыка пәнінің мұғалімі С.Сағындықов «Ән- көңілдің ажары» отбасылық ән фестивалін өткізсе, көркем еңбек пән мұғалімдері «Шебер қолдар» көрмесін ұйымдастырды. Пән мұғалімдері жоспарға сай ашық сабақтар көрсетті.