Қосымшалар » Страница 6 » Үштерек орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Үштерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қарасай ауданы әкімінің шыршасы!
26
декабрь
2023
Қарасай ауданы әкімінің шыршасы!
Қарасай ауданы әкімінің шыршасына мектебіміздің 4 "Ғ" сынып оқушысы Маратқызы Нұрсезім барып,өте керемет көңіл күйде қайтты.Сыйлыққа 30 мың теңгелік сертификат және тәттілер берілді.
Сүйінбай Аронұлы" мұражайына саяхат жасады.
08
декабрь
2023
Сүйінбай Аронұлы" мұражайына саяхат жасады.
"Үштерек орта мектебі" КММ 7"А" сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша тақырып аясында "Сүйінбай Аронұлы" мұражайына саяхат жасады.  Мақсаты: Оқушыларға айтыскер ақынның өмірімен толық таныстыру, шығармаларына талдау жүргізу. Оқушылар ақын мұражайынан ерекше әсер алып, өз сезімдерімен бөлісті. #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы
Алтын Сақа олимпиадасы
04
декабрь
2023
Алтын Сақа олимпиадасы
5-6сынып окушылар арасында откен  «Алтын сака» олимпиадасынын аудандык кезенинен 2-3 орынга ие болган Женисбай Е, Алімбай Ж, Байтұрсын Ә, Ерікұлы А.марапатталды.
ҰБТ-2024
08
ноябрь
2023
ҰБТ-2024
2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектермен ҰБТ - 2024 ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұлттық бірыңғай тест нәтижелері туралы бейіндік пәндер комбинациясы бойынша оқуға түсуге болатын білім беру бағдарламаларымен таныстырылым жасалды. Мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ның форматы туралы ақпараттар алып, өз ойларында жүрген сұрақтарына жауаптар алды.
Сабақты зерттеу
27
октябрь
2023
Сабақты зерттеу
Сабақты зерттеу-мұғалімнің  кәсіби құзыреттілігінің даму жолы  Білім сапасын арттыру  мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп  оқушылардың білім алуын зерттеді.Сабақты зерттеу арқылы  іс- тәжірибе алмасып,  мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп , оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын   арттыруда 2 «Е» сыныбында  қазақ тілі пәнінен   сабақты зерттеу жұмысы жүргізілді. Бастауыш сынып мұғалімі   М.Алпарова, А.Оразова, Г.Избасарова сабақ  беру арқылы өздерінің  іс-тәжірибесімен бөлісті.
Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау және мониторинг
27
октябрь
2023
Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау және мониторинг
Оқушылардың   компьютерлік   және   ақпараттық   сауаттылығын  қалыптастыру  мақсатында    4 сынып оқушыларынан  білім алушылардың  білім жетістіктерінің  мониторинг  бойынша дайындық  жұмыстары  ұйымдастырылып , тест  жұмыстары алынды.