Ақпарат » Үштерек орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Үштерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!  Құрметті ата-аналар!!!
30
март
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті ата-аналар!!!
1-сыныпқа құжат қабылдау 27-мамырдан бастап 31-тамызға дейін жүргізілетін  болады 1-сыныпқа құжатты қабылдау видео
28 наурыз күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, “Үштерек орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұлттық спорт түрлерінен республикалық деңгейдегі тартысты турнир өтті.
28
март
2026
28 наурыз күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, “Үштерек орта мектебі”
28 наурыз күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, “Үштерек орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұлттық спорт түрлерінен республикалық деңгейдегі тартысты турнир өтті. 🇰🇿 Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшы-ұстаздар асық ату, бес асық және тоғызқұмалақтан бақ сынап, шынайы шеберлік пен мықты дайындықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша әр жас санатында үздіктер анықталып, жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды. 👏 Ұлттық ойындарды ұлықтап жүрген барша
Мектебімізде қайырымдылық айы аясында “Жақсылыққа толы күн” атты қайырымдылық іс-шарасы ерекше жылулық пен мейірімге толы атмосферада өтті.
20
март
2026
Мектебімізде қайырымдылық айы аясында “Жақсылыққа толы күн” атты
Мектебімізде қайырымдылық айы аясында “Жақсылыққа толы күн” атты қайырымдылық іс-шарасы ерекше жылулық пен мейірімге толы атмосферада өтті. Бұл күн адамдардың бір-біріне деген жанашырлығы мен қамқорлығын арттыруға бағытталды. Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі және үйден оқитын балаларға қолдау көрсетіліп, оларға сыйлықтар табысталды. “Жақсылыққа толы күн” – бұл тек бір күндік шара ғана емес, ол әр адамның жүрегінде жалғасатын ізгілік пен мейірімнің бастауы екені
Мектебімізде ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, берекелі де мерекелі «Әз-Наурыз» атты тамаша шара жоғары деңгейде өтті.
18
март
2026
Мектебімізде ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, берекелі де
Мектебімізде ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, берекелі де мерекелі «Әз-Наурыз» атты тамаша шара жоғары деңгейде өтті. Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл мереке оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың бай мұрасын насихаттауға үлкен үлес қосты.  Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын, ырыс-береке арта берсін! #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы
Наурызнама іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Көрісу күні – Амал мерекесі” қарсаңында мектебіміздің ұстаздары №2 Үштерек орта мектебіне арнайы барып, ұжымын Көрісу мерекесімен құттықтады.
14
март
2026
Наурызнама іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Көрісу күні – Амал мерекесі”
Наурызнама іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Көрісу күні – Амал мерекесі” қарсаңында мектебіміздің ұстаздары №2 Үштерек орта мектебіне арнайы барып, ұжымын Көрісу мерекесімен құттықтады. Іс-шара барысында ұлттық дәстүр дәріптеліп, жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы ​ https://youtu.be/npYM_Hxo4yY?si=2mjHt6c32wQUVjSm ​​​
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!  Құрметті ата-аналар!!!
12
май
2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті ата-аналар!!!
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!  Құрметті ата-аналар!!! 1-8, 10 сынып білім алушыларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен төмендегі санаттар бойынша: 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; /НОБД/ 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; /НОБД/ 3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мектепішілік фестиваль жоғары деңгейде өтті.
01
май
2025
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мектепішілік фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараға 5-6-7 сынып оқушылары белсене қатысты. Фестиваль барысында әр сынып түрлі ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық киіммен сахнаға шығып, ән айтып, би биледі. Фестиваль оқушылардың достығын арттырып, әртүрлі халықтардың салт-дәстүріне деген қызығушылығын оятты. Мереке өте көңілді әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті.
Мектебімізде діни экстремизм мен терроризм алдын алу мақсатында мектебімізге теолог маман:А.Сулейман келіп,мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
15
апрель
2025
Мектебімізде діни экстремизм мен терроризм алдын алу мақсатында
Мектебімізде діни экстремизм мен терроризм алдын алу мақсатында мектебімізге теолог маман:А.Сулейман келіп,мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. #тәрбиеалматыоблысы #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 12 Вперед