“Қыздарға әсемдік жарасады” атты ерекше сайыс өтті.
Мектебімізде 8-10 сынып оқушылары арасында “Қыздарға әсемдік жарасады” атты ерекше сайыс өтті. Бұл шара қыздардың сұлулығын, инабаттылығын, ақылдылығы мен өнерін дәріптеуге арналды. Байқау барысында арулар бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде олар өзін-өзі таныстырып, сахнада жүріс-тұрыс мәдениетін көрсетті. Екінші бөлімде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, мәнерлеп оқу арқылы көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар, интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, білімдері