Қамқоршылық кеңесінің отырысы » Үштерек орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Үштерек орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің отырысы
20
ноябрь
2018

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

«Үштерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық кеңесі отырысының

баяндама

Күн тәртібінде: 1. 2018 – 2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің мүшелері сауықтыру іс – шараларын жүргізуге, ұйымдастыруға жауаптыларды тағайындау.

2. Тәрбиелеу мен өзге де пайдалы іс – әрекеттері нәтижелерін насихаттауға, қайырымдылық қызметтерін жүзеге асыруға міндеттеу.

3. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі жүйесін үздіксіз дамытуға, олардың бойында іскерлік және кәсіби қасиеттердің қалыптасуына қолқабыс ету.

4. Жобалар мен бағдарламалар талдауына қатысу.

 

Құрметті әріптестер және Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мектепте және мектептен тыс жерлерде яғни Үштерек ауылы оқушыларының ат салысып, белсенділік көрсететін жерлердегі іс – шараралдың барлығына сіздер қатысып, сонымен қатар белсенді оқушыларды сараптап, қолдау көрсетулеріңіз қажет. Бүгінгі таңда Елбасымыз өзінің 2030 және 2050 бағдарламасында Қазақстан зайырлы мемлекет, қазақ жастары осы мемлекеттің болашақ бастауы екендігін нықтап, болашаққа батыл қадам жасалуы қажет екендігін баса атап өтті. Сондықтан да жастарымыздың әсіресе мектеп оқушыларының денсаулығы мен біліміне, тәрбиесіне жіті назар салып, бейғамдық танытпауларыңызды өздеріңізден өтініп сұраймын.

«Өмірдің бар қызығы бала деген», - деп дана халқымыз айтқандай бала қызығын өмір дариясына айналдыру ол, сіз бен біздің парызымыз, міндетіміз.

Қазіргі уақытта Үштерек ауылында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жартылай жетім оқушылар баршылық. Аталған оқушылармен жаз айларында мектеп қызметкерлері үздіксіз жұмыс жүргізіп отырды. Және әрқайсысының тұрмыстық жағдайларына қарай қажетті көмектер көрсетілді. Мәселен; Үштерек ауылына қарасты азық – түлік дүкендері мектеп формаларын, азық түліктер және оқуға қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етті. Сонымен қатар Жалпыға бірдей білім беру қорынан қыстық жылы киімдер берілді. Мектеп мұғалімдері «Мектепке жол» акциясы бойынша да түрлі қажеттіліктермен қамтуға тырысты.

«Тәрбие басы – тал бесік» деп бала тәрбиесін әрине нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап қолға алатын халықпыз. Әйтсе де кей кездері баланың бақылаудан тыс қалып жататыны белгілі. Құрметті кеңес мүшелері және ұстаздар менің сіздерден тағы бір баса сұрайтыным бала тәрбиесімен мектепте мұғалім ғана емес қосымша ата –ана да үйден қолқабыс етіп екі жақты жұмыс жүргізсе.

Бұл міндет бәрімізге ортақ. Мектебіміздің көркейуі мен білім жолының белең алуы, ауылымыздың гүлденуі жастар тәрбиесімен тікелей байланысты. «Тәрбиесіз білім - тұл» демекші әрине мектеп мұғалімдері жан – жақты жұмыс жүргізіп, тәрбие мен білімді қатар алып жүреді, бірақ ата – ананың көмегінсіз бәрібір тәрбие бағытынан олқылық табылып тұрады. Осы мәселені естеріңізден шығармай, оқушыларды тәрбиелеу барысында қолдау көрсетулеріңіз қажет.

Өткен оқу жылы яғни, 2017 -2018 оқу жылында мектеп оқушылары түрлі тәрбиелік, мерекелік іс – шаралармен, қайырымдылық іс – шараларға қатысып, тәрбиелік, адамгершілік бағыттарда қолдау тауып, мағыналы марапаттауларға ие болды.

Құрметті әріптестер және қайырымдылық кеңесі мүшелері бұдан ары да ұжымдаса жұмыс жүргізіп, нақты нәтижеге қол жеткіземіз деген үмітпен рахмет айтамын.

 

 

 

 

«Үштерек орта мектебі» Қамқоршылық кеңесінің отырысы

Күн тәртібінде қаралатын мәселе

Күн тәртібінде: 1. 2018 – 2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің мүшелері сауықтыру іс – шараларын жүргізуге, ұйымдастыруға жауаптыларды тағайындау.

2. Тәрбиелеу мен өзге де пайдалы іс – әрекеттері нәтижелерін насихаттауға, қайырымдылық қызметтерін жүзеге асыруға міндеттеу.

3. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі жүйесін үздіксіз дамытуға, олардың бойында іскерлік және кәсіби қасиеттердің қалыптасуына қолқабыс ету.

4. Жобалар мен бағдарламалар талдауына қатысу.

 

 

 

 

Төрағалық етуші:

М.Нұржанов

Хатшы:

Т.Юсупов

Мүшелері:

В. Мұртазаева

Б.Оқас

Р.Жолдасова

А.Шамихан

Г.Сұраншиева

Б.Кубенов

Н.Атамбекова

Г. Жарқынбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үштерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық кеңестің

№6 хаттамасы

Қатысқаны – 17 25.11.2018ж

Күн тәртібінде : 1.2018 – 2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің мүшелері сауықтыру іс – шараларын жүргізуге, ұйымдастыруға жауаптыларды тағайындау.

2. Тәрбиелеу мен өзге де пайдалы іс – әрекеттермен нәтижелерін насихаттауға, қайырымдылық қызметтерін жүзеге асыруға міндеттеу.

3. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі жүйесін үздіксіз дамытуға, олардың бойында іскерлік және кәсіби қасиеттердің қалыптасуына қолқабыс ету.

4. Жобалар мен бағдарламалар талдауына қатысу.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Оқас сөз алып, өткен жылы жасақталған комиссия мүшелелеріне мектеп оқушыларының спортпен шұғылдануы, дұрыс тамақтанып, ізеттілікке бағыт – бағдар беру міндеттеріне қатысты жауапты адамдарды тағайындап, міндеттерін жүктеді. Алғашқы жарты жылдық бойынша атқарылатын іс – шараларды жүйелеп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға жан – жақты демеушілер іздестіріп, жеке – дара көмек көрсету барысын іске асыру қажет екендігіне тоқталып өтті..

Екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Т.Юсупов сөз алып, аз қамтылған, тұл жетім, көп балалы, жартылай жетім оқушыларға көмек көрсету жұмыстарын жандандыру барысын жүзеге асыруды ұсынды. Қазіргі уақытта мектебімізде жағдайы нашар, киімдері жұтаң оқушылардың бар екендігін олармен ұйымдаса жұмыс жүргізу керектігін айтып кетті.

Сөз алғандар: Мектебіміздің ата – аналар комитетінің төрайымы Атамбекова сөз алып, қазіргі заман жастарына ерекше қарым – қатынас қажеттілігін және де ұлттық рухтағы тәрбие бағыттарына көбірек сүйену қажет екендігін айтып өтті. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей бала тәрбиесін тек мектеп мұғаліміне ғана артып қоймай ата – аналар да қолдау көрсетіп, демей білуі керек. Мектеп қабырғасынан білім алып, одан да ары арнайы және жоғары оқу орнына баратын баланы барлығымыз біріге отырып болашаққа даярлауымыз қажет екеніне тоқталғысы келетінін айтты. Сонымен қатар кәсіби маман даярлау барысында балаға жан – жақты қолдау көрсетуіміз қажет деп тоқталды.

Шешімі :

1. Қамқоршылық кеңес мүшелері сауықтыруға, көмек көрсету шараларына

қатыстырылсын.

2. Кеңес мүшелеріне әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсету шараларын ұйымдастыру барысында бұдан да жоғары нәтиже көрсетулері талап етілсін.

3. Сынып жетекшілер әртүрлі бағыттарда ата- аналармен бірлесе жұмыс жүргізіп, тәрбие барысында жүйелі жобалар іске асырылсын.

Төрағалық етуші:

М.Нұржанов

Хатшы:

Т.Юсупов

Мүшелері:

В. Мұртазаева

Б.Оқас

Р.Жолдасова

А.Шамихан

Г.Сұраншиева

Б.Кубенов

Н.Атамбекова

Г. Жарқынбаева