БІЛІМ МАЗМҰНЫ » Страница 5 » Үштерек орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Үштерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Логикалық ойлауды үйрену” тақырыбында сабақ өтілді.
19
март
2025
“Логикалық ойлауды үйрену” тақырыбында сабақ өтілді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-анаға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасының жоспарына сәйкес 1-4 сынып ата-аналарына “Логикалық ойлауды үйрену” тақырыбында сабақ өтілді. Мақсаты: Логикалық ойлау -табыстың кілті.Біз логиканы мектепте, жұмыста және күнделікті өмірде жиі қолданамыз.  Ата-аналардың, балалардың логикалық ойлауын дамытуға дайындығын дамыту болды. Өткізген: Багыбергенова И Кемешева Ш #біртұтас_тәрбие #тәрбиеалматыоблысы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес біздің мектебімізде ұлттық ойындар ұйымдастырылды
19
март
2025
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурызнама онкүндігінің
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес біздің мектебімізде ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі ойындарын ойнап, өздерінің ептілігін, тапқырлығын және командалық рухын көрсетті. Балалар асық ату, арқан тартыс, бестас, тоғызқұмалақ сияқты ойындарға белсенді қатысты. Басты мақсаты – ұлттық мұрамызды дәріптеу, оқушылардың салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру және олардың бос уақыттарын пайдалы өткізу болды. Ұлттық
“Қыздарға әсемдік жарасады” атты ерекше сайыс өтті.
18
март
2025
“Қыздарға әсемдік жарасады” атты ерекше сайыс өтті.
Мектебімізде 8-10 сынып оқушылары арасында “Қыздарға әсемдік жарасады” атты ерекше сайыс өтті. Бұл шара қыздардың сұлулығын, инабаттылығын, ақылдылығы мен өнерін дәріптеуге арналды. Байқау барысында арулар бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде олар өзін-өзі таныстырып, сахнада жүріс-тұрыс мәдениетін көрсетті. Екінші бөлімде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, мәнерлеп оқу арқылы көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар, интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, білімдері
“Қайырымдылық  күні”
15
март
2025
“Қайырымдылық күні”
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурызнаманың онкүндігі жоспарына сәйкес  15- наурыз “Қайырымдылық  күні”. Осыған орай  1 “Б” сынып оқушылары Солтанбек Айша мен Өскімбай Сезім  аналарымен бірге  ерекше игі іс жасады. Мейірімділік пен қамқорлықтың нағыз үлгісін көрсетті.  Олар өз қолдарымен жасаған  өте дәмді құрт, ірімшік, бауырсақтарын тарту етіп,ізгі тілектерін жолдады.    Наурыз - тек жаңа жылдың бастауы ғана емес , сондай- ақ бірлік пен қайырымдылықтың, достық пен татулықтың 
14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын!
14
март
2025
14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! 14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын! Бұл күн – бірлік пен бауырмалдықтың, мейірім мен сыйластықтың мерекесі. Бір-бірімізге ізгі тілек айтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетейік. Отбасыларыңызға амандық, молшылық пен береке тілейміз! Көрісу күні құтты болсын! Ізгі тілекпен, Үштерек орта мектебінің 9-сынып оқушылары
“Қолөнер бұйымдар” сабағынан үзінді
13
март
2025
“Қолөнер бұйымдар” сабағынан үзінді
Үштерек орта мектебінің 4 “Б” сыныбының сыныптан тыс өткізген “Қолөнер бұйымдар” сабағынан үзінді.  Мақсаты: Оқушылардың ұлттық құндылыққа деген қызығушылығын ояту. Қазақтың ою-өрнектерін дәріптеу. Сынып жетекшісі: Шалқарова А.
«Үштерек орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 « Ә» сынып оқушылары аналарына деген шынайы махаббаты мен алғысын білдіреді.
09
март
2025
«Үштерек орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 « Ә»
«Үштерек орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 « Ә» сынып оқушылары аналарына деген шынайы махаббаты мен алғысын білдіреді. Құрметті аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанышқа бөлесін!  Сынып жетекшісі: Юсупова В.С. [media=https://youtube.com/shorts/hx_ATSrBjHg?si=93q7rf0lVUUJLGBC]
“Біздің бүлдіршіндерімізден сіздерге арнап әсем гүл шоқтары тарту етіледі!
07
март
2025
“Біздің бүлдіршіндерімізден сіздерге арнап әсем гүл шоқтары тарту
“Біздің бүлдіршіндерімізден сіздерге арнап әсем гүл шоқтары тарту етіледі! Жылы сезім мен шынайы құрметтің белгісі ретінде гүлдер сіздердің көңілдеріңізді көтеріп, қуаныш сыйласын!”
Педагогтеріміздің  кәсіби құзыреттіліктерін дамыту – біздің басты назарымызда.
07
март
2025
Педагогтеріміздің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту – біздің басты
Педагогтеріміздің  кәсіби құзыреттіліктерін дамыту – біздің басты назарымызда. Заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы интерактивті технологияларына негізделген мұғалімдердің  тәжірибе алмасу жұмыстарын жақсарту мақсатында «SDU» университетінің  оқытушыларымен  бірлескен  инклюзивті  білім беру,  оқушыларды  ғылыми  жобаға  дайындау,  интербелсенді әдіс  және  цифрландыру  бойынша  тәжірибе алмасу семинары өткізілді.Сабақ сапасын арттырудың  тиімді  жолдары мен әдістері туралы
Үштерек орта мектебінде ұзақ жылдар бойы тынымсыз еңбегімен ерекшеленген еңбекқор жандар – Мухамедиярова Жанар Омархановна мен Нуршаева Нуржамал Бисенбаевнаға арналған құрметті шара өтті
10
февраль
2025
Үштерек орта мектебінде ұзақ жылдар бойы тынымсыз еңбегімен
Үштерек орта мектебінде ұзақ жылдар бойы тынымсыз еңбегімен ерекшеленген еңбекқор жандар – Мухамедиярова Жанар Омархановна мен Нуршаева Нуржамал Бисенбаевнаға арналған құрметті шара өтті. Бұл іс-шара олардың қоғамға, білім мен тәрбие саласына қосқан үлесін бағалап, алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы мен оқушылар арнайы құттықтау ұйымдастырды. Бұл шара еңбекқорлық пен адал еңбектің маңыздылығын дәріптеуге бағытталды. Мектеп директоры Абдрахманова Жанар Киргизбековна