БІЛІМ МАЗМҰНЫ » Страница 13 » Үштерек орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Үштерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық “GRAND STAR ASIA”  байқауында өнер көрсеткен !  Үштерек орта мектебінің оқушылары !
19
ноябрь
2023
Халықаралық “GRAND STAR ASIA” байқауында өнер көрсеткен ! Үштерек
Халықаралық “GRAND STAR ASIA”  байқауында өнер көрсеткен ! Үштерек орта мектебінің оқушылары ! 1 .Клим Назерке 5а сынып Бас жүлде  2. Мұрат Назым 0сынып  Бас жүлде  3  Байтұрсын Асия 1-орын 5 ә 4 .Байтұрсын Адия 1-орын 4ә  5. Мұратбай Нұрсұлу 1-орын 4 а 6.Үштерек домбырашылар ансамбль 1-орын #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы
Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі , спорт, алғашқы әскери дайындық
17
ноябрь
2023
Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі , спорт, алғашқы
Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі , спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми тәжірибелік орталығы Қазақстан Республикасы оқу- ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру депортаментінің берілген тапсырмасы бойынша 2023 жыл 17 қараша күні  сағат 12.00 де тоғыз айға 9 іс-шара "Бес асық", "Асық ату"челленджі бойынша Алматы облысы Карасай ауданы Үштерек ауылы Үштерек орта мектебінде челленж өткізілді. #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы
«COOGIE сервисін оқу-тәрбие процесінде қолданудағы тиімділігі»
10
ноябрь
2023
«COOGIE сервисін оқу-тәрбие процесінде қолданудағы тиімділігі»
«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандык әдістемелік орталығының жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында педагогтердің цифрлык сауаттылықтарын арттыру үшін мектептерде бірыңғай шебер-сыныптар өткізілді. Осыған орай, «COOGIE сервисін оқу-тәрбие процесінде қолданудағы тиімділігі» тақырыбында шебер-сыныптың бағдарламасы дайындалып, 2023 жылдың 10 қараша күні Үштерек орта мектебінде өткізілді.
ҰБТ-2024
08
ноябрь
2023
ҰБТ-2024
2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектермен ҰБТ - 2024 ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұлттық бірыңғай тест нәтижелері туралы бейіндік пәндер комбинациясы бойынша оқуға түсуге болатын білім беру бағдарламаларымен таныстырылым жасалды. Мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ның форматы туралы ақпараттар алып, өз ойларында жүрген сұрақтарына жауаптар алды.
Сабақты зерттеу
27
октябрь
2023
Сабақты зерттеу
Сабақты зерттеу-мұғалімнің  кәсіби құзыреттілігінің даму жолы  Білім сапасын арттыру  мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп  оқушылардың білім алуын зерттеді.Сабақты зерттеу арқылы  іс- тәжірибе алмасып,  мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп , оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын   арттыруда 2 «Е» сыныбында  қазақ тілі пәнінен   сабақты зерттеу жұмысы жүргізілді. Бастауыш сынып мұғалімі   М.Алпарова, А.Оразова, Г.Избасарова сабақ  беру арқылы өздерінің  іс-тәжірибесімен бөлісті.
Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау және мониторинг
27
октябрь
2023
Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау және мониторинг
Оқушылардың   компьютерлік   және   ақпараттық   сауаттылығын  қалыптастыру  мақсатында    4 сынып оқушыларынан  білім алушылардың  білім жетістіктерінің  мониторинг  бойынша дайындық  жұмыстары  ұйымдастырылып , тест  жұмыстары алынды.