Ашық сабақ » Үштерек орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Үштерек орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2017

Ашық сабақ

Күні:11.02.2017

Пәні: дүниетану

 

Сабақтың тақырыбы

Өсімдікке су, топырақ керек

 

Пән мұғалімі

Суйенбайқызы Гүлнұр

 

Сынып

2 «Ә» сынып

 

Жалпы мақсаттар

Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар топтамасымен таныстыру тапсырмаларын ұсыну, өсімдік тіршілігі не үшін қажет екенін өз беттерінше анықтату. Өсімдіктің өсуіне топырақтың, судың рөлі қандай екенін зертету, өз бетімен қорытынды шығару, ойларын анық айту, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту, тиімді тәсілдерді пайдалану арқылы, пәнге деген қызығушылығын арттыру. АКТ арқылы берілген мағлұматтарды дұрыс қолдана білу.

 

Күтілетін нәтижелер

- Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар топтамасымен танысады, өсімдік тіршілігі не үшін қажет екенін өз беттерінше анықтайды. Өсімдіктің өсуіне топырақтың, судың рөлі қандай екенін зерттейді, Өсімдіктің тірі ағза екендігін дәлелдей алады

- берілген тапсырма орындау барысында ойларын анық айтып, тапқырлық танытады,

- дарынды және талантты оқушылардың қабілеттері дамып, сыни ойлауға дағдыланады.

- Топтық жұмыс жүргізу арқылы ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

- АКТ арқылы берілген мағлұматтарды дұрыс қолданады.

 

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

 

7 модульдің қолданылуы

СТО тәсілдері, АКТ, оқытуды басқару және көшбасшылық

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап, миға шабуыл

 

Ресурстар

Интербелсенді тақта,маркерлер, стикерлер, тірек сызба, гүл, ватман, топырақ түрлері

 

Сабақ барысы

Мұғалімнің орындайтын

іс-әрекеті

Оқушының орындайтын

іс-әрекеті

 

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.
Шаттық шеңберіне тұрып бәрі бірге өлең айтады.

Табиғат күлімсірер күніменен
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен
Көркіне көз тоймайды табиғаттың
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.

«Өсімдік бөліктері» ойынын пайдаланып топқа бөлу

 

Топ ережесімен таныстыру

 

Әр топқа бағалау парағын таратып беру

 

 

5 оқушы – гүл

5 оқушы – сабақ

6 оқушы - жапырақ

6 оқушы – тамыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гүл формасындағы фигураларды таңдау барысында оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Гүл тобы, жапырақ тобы, тамыр тобы, гүл сабағы тобы, гүл тамыры топтарына бөлініп, өз топ басшыларын сайлайды

2 мин

 

Бағалау парағымен таныстыру

Сабаққа құрылған критерилермен әр оқушы танысып, жоғары ұпай жинауға ұмтылады.

 

1мин

Білу

Үй тапсырмасын тексеру

«Өсімдік мүшелері» әдісі бойынша берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру.
1 - топ Тамырдың қызметі
2 - топ Сабақтың қызметі

3 - топ Жапырақтың қызметі
4 – топ Гүлдің қызметі

«Суреттерді сәйкестендір» тапсырмасы



1-топ Тамыр

2-топ Сабақ

3 - топ Жапырақ

4- топ Гүл

Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру үшін, интербелсенді тақтадан сәйкестендіру ұсынылады. Оқушылар суреттерді сәйкестендіреді. Сәйкес бағалау парақтарына баға қойылады.

Тұқымның түрлерін атаңдар?

1. Мәдени өсімдіктерді атаңдар?

2. Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды?

 

5 мин

Миға шабуыл

Тапсырма: «Сөз жұмбақ» жаңа тақырыпты ашу мақсатында

 

Сөзжұмбақ ұсынылады, шешу барысында ортадағы сөз бүгінгі тақырыбымыз екені анықталады.

5 мин

Түсіну

Өсімдікке су, топырақ керек

Мұғалім сабақты түсіндіреді

Оқулықпен жұмыс жасату. Тізбектей оқыту

Оқушылар мұғалімді тыңдап, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ ішінде тақырыпты талқылау.

10 мин

Қолдану

Тапсырма « Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу зертханасы» тәсілін пайдаланып, жаңа материалды өздігінен меңгеруге бағыттау тапсырмаларын ұсыну.

1. Топ. Өсімдік тіршілігі үшін не қажет?

2. Топ. Топырақтың түрлері қандай айырмашылығы не?

3. Топ. Кең көлемді егістіктерді, бау –бақшаны, үй өсімдіктерін суаратын құрылғы түрлері қандай?

4. Топ. Тәжірибе жасаушылар тобы. Өсімдіктің тірі ағза екендігін дәлелдеңдер

Оқушылар топтарын берілген тапсырмаларды белсене орындайды, сұраққа нақты жауап беруге тырысады.

1. Топ. Өсімдік тіршілігі үшін не қажет? (оқушылар кітаптағы мәліметтерді пайдаланып, берілген постерге өз ойларымен тапсырмаға жауаптарын жазады, қорғайды)

2. Топ. Топырақтың түрлері қандай айырмашылығы не? (оқушылар қарашірік топыраққа өскен өсімдік, шіріндісі аз топыраққа өскен өсімдік, тыңайту дегеніміз не? Постер қорғайды. Сұрағына толық жауап беруге тырысады. Мұғалім алдын ала ескерткендіктен, әртүрлі топырақта өскен өсімдіктерді әкелу)

3. Топ. Кең көлемді егістіктерді, бау –бақшаны, үй өсімдіктерін суаратын құрылғы түрлері қандай? (Оқушыларға постермен суарғыш құрылғылардың суреттері ұсынылады, суреттерді іріктеп, бөліп постерге жабыстырады. Мысалы: Лейка, шелек, суарғыш құрылғылар т,б.)

4. Топ. Тәжірибе жасаушылар тобы. Өсімдіктің тірі ағза екендігін дәлелдеңдер. (Горшогы тары болып тұрған гүлді, кең горшокка ауыстырып отырғызып, суғарып, сыртына атын жазып жабыстырады. Өте кішкене гүл)

 

10 мин

Талдау

 

Сергіту сәті

Бір – бірінің пікірлерімен санасу, тындату

«Құм, тас, су» ойынын ойнау
Ойынның шарты: Басы «құм»дегенде әр жерде оқушылар шашыраңқы болып отырады, «тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап қатып қалады, «су» дегенде толқын болып қозғалады.

Оқушылар жасаған постерлерін қорғайды. Екі жұлдыз, бір тілек айтады.

Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша орындайды

5 мин

Жинақтау

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау мақсатында графикалық диктант

 

Күн ретін жазу

Топырақты тыңайтуға қажетті қоректік заттарды дәптерге жазу
Көң – құстың саңғырығы- қарашірік-шымтезек

Суды өсімдік қалай сіңіреді?

Суды өсімдік тамыры арқылы топырақтан сіңіреді.

Интербелсенді тақтадан графикалық диктант жазады. Сұрақтарға жауап береді.

 

3 мин

Бағалау

Бағалау парағы бойныша ұпайларын есептеп, бағаларын қою.

Бағалау парағына қорытынды ұпайға сәйкес бағаларын қояды.

2 мин

Рефлексия

Кері байланыс жазады. Мұғалім 1- 2 оқушыдан сұрайды.

Сабаққа кері байланыстарын стикерге жазып іледі.

1 мин

Үй тапсырмасы

«Өсімдікке су, топырақ керек» оқу, мазмұндау.

Күнделікке жазады

1 мин

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив