Тәлім.Тағлым.Тәрбие » Страница 2 » Үштерек орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Үштерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мектепішілік фестиваль жоғары деңгейде өтті.
01
май
2025
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мектепішілік фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараға 5-6-7 сынып оқушылары белсене қатысты. Фестиваль барысында әр сынып түрлі ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық киіммен сахнаға шығып, ән айтып, би биледі. Фестиваль оқушылардың достығын арттырып, әртүрлі халықтардың салт-дәстүріне деген қызығушылығын оятты. Мереке өте көңілді әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті.
Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың татулығын, достығы мен ынтымағын дәріптейтін маңызды мереке.
01
май
2025
Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздегі түрлі ұлттар мен
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың татулығын, достығы мен ынтымағын дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күн – бірлік пен бейбітшіліктің, өзара сыйластықтың символы. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әрбір ұлттың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті қастерленіп, баршамызды ортақ мақсатқа біріктіреді – ол Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!
“Таза Қазақстан» акциясы аясында тұқым отырғызудың басты мақсаты — табиғатты сақтау, экологияны жақсарту және келер ұрпаққа жасыл әрі таза елді мекен қалдыру.
24
апрель
2025
“Таза Қазақстан» акциясы аясында тұқым отырғызудың басты мақсаты —
“Таза Қазақстан» акциясы аясында тұқым отырғызудың басты мақсаты — табиғатты сақтау, экологияны жақсарту және келер ұрпаққа жасыл әрі таза елді мекен қалдыру. Бұл шара арқылы біз қоршаған ортаға жанашырлық танытып, ағаштардың санын көбейтуге үлес қосамыз. Әр отырғызылған тұқым — болашақтың жасыл кепілі. Таза ауа, көлеңкелі бақтар мен сұлулыққа толы табиғат — бәрі осы бастамадан басталады. #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы
« Кітаптың күші - болашақты қалыптастырады»  мерекелік сағат өткізілді.
23
апрель
2025
« Кітаптың күші - болашақты қалыптастырады» мерекелік сағат
23 - сәуір Халықаралық кітап күні.Үштерек орта мектебі кітапханасында Менің сүйікті кітабым тақырыбында көрме ұйымдастырылып, « Кітаптың күші - болашақты қалыптастырады»  мерекелік сағат өткізілді. Оқушыларға Кітап - рухани қазына, ұлттық құндылығымыз екені түсіндірілді. #Балалар кітапханасы, #Бала көзімен, #23-сәуір -кітап күні
2025 жылдың көктемінде мектептің 11-сынып түлектері өздерінің соңғы оқу жылын есте қаларлықтай етіп аяқтау мақсатында ерекше бастама көтерді.
18
апрель
2025
2025 жылдың көктемінде мектептің 11-сынып түлектері өздерінің соңғы
2025 жылдың көктемінде мектептің 11-сынып түлектері өздерінің соңғы оқу жылын есте қаларлықтай етіп аяқтау мақсатында ерекше бастама көтерді. Олар мектеп ауласында шырша ағашын отырғызды. Бұл игі іс түлектердің туған мектебіне деген құрметі мен алғысын білдірудің жарқын белгісі болды. Шырша ағашын отырғызу барысында түлектер болашақта осы ағаш биікке бой түзеп, өздері секілді білім мен парасаттылықтың символына айналады деген тілектерін білдірді. #юіртұтас_тәрбие
07-11-сәуір аралығында Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің апталығы өтіледі. Апталықтың ашылуы
07
апрель
2025
07-11-сәуір аралығында Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің
07-11-сәуір аралығында Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің апталығы өтіледі. Апталықтың ашылуы 07.04.2025  күні  таңертең мектепке кіре беріс фоеде “Жаратылыстану-зерттеулер мен инновациялар толқыны” тақырыбында география, химия, биология пәндерінен әр түрлі  қызықты ойындар, сұрақ жауаптар қойылып,  апталықтың ашылу салтанаты оқушылар мен ұстаздарға жақсы көңіл күй сыйлады. Апта бойы ашық сабақтар, сыныптан тыс іс шаралар өткізіледі.
8 сынып оқушысы Кожанова Сабинаның қазақтың ұлттық киімін дәріптеу мақсатында ұсынған видеосы.
21
март
2025
8 сынып оқушысы Кожанова Сабинаның қазақтың ұлттық киімін дәріптеу
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурызнаманың онкүндігінің жоспарына сәйкес мектебіміздің 8 сынып оқушысы Кожанова Сабинаның қазақтың ұлттық киімін дәріптеу мақсатында ұсынған видеосы. #біртұтас_тәрбие #тәрбиеалматыоблысы
Мектебіміздің күйшілері “Келіншек”күйін орындады. Мақсаты:Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге баулу.
21
март
2025
Мектебіміздің күйшілері “Келіншек”күйін орындады. Мақсаты:Балаларды
Мектебіміздің күйшілері “Келіншек”күйін орындады. Мақсаты:Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге баулу. Өнер иелерін үлгі тұтып қастерлеуге тәрбиелеу. #біртұтас_тәрбие #тәрбиеалматыоблысы
“Логикалық ойлауды үйрену” тақырыбында сабақ өтілді.
19
март
2025
“Логикалық ойлауды үйрену” тақырыбында сабақ өтілді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-анаға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасының жоспарына сәйкес 1-4 сынып ата-аналарына “Логикалық ойлауды үйрену” тақырыбында сабақ өтілді. Мақсаты: Логикалық ойлау -табыстың кілті.Біз логиканы мектепте, жұмыста және күнделікті өмірде жиі қолданамыз.  Ата-аналардың, балалардың логикалық ойлауын дамытуға дайындығын дамыту болды. Өткізген: Багыбергенова И Кемешева Ш #біртұтас_тәрбие #тәрбиеалматыоблысы