Тәуелсіздігімізге 30 жыл!!! » Үштерек орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Үштерек орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздігімізге 30 жыл!!!
17
декабрь
2021

Тәуелсіздігімізге 30 жыл!!!

"ТӘУЕЛСІЗДІК -ТӘҢІРДЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ СЫЙ"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  30 жыл толуына орай республикалық,облыстық,аудандық деңгейде ұйымдастырылған  мерекелік бағдарламалар, сайыстар, спорт жарыстарына мектеп оқушылар белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 
Еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі саналатын Тәуелсіздік күнін тойлау сіз бен біз үшін үлкен мәртебе. Осыған орай желтоқсан айында «ТӘУЕЛСІЗДІК -ТӘҢІРДЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ СЫЙ» атты республикалық балалар байқауы болып өтті. Бұл байқауда «Эстрадалық ән» жанры бойынша жүлделі 1-орын  алған 3 «В» сынып оқушысы Айдар қызы Ботакөз және 5 «А» сынып оқушысы Қыдырқұл Алуа, 2-орын алған  5 «Ғ» сынып  оқушысы Рейімберді Нұргүл марапатталды.
«КӨРКЕМ СӨЗ» аталымы бойынша «БАС ЖҮЛДЕ»-ге ие болған  2 «Ә» сынып оқушысы Тәңірберген Нұрислам 6 «Г» сынып оқушысы Рейімберді Аяулым, 1-орынға ие болған 3«Г» сынып оқушысы Тәуекел Гүлназ марапатталды.
«АСПАПТА ӨНЕР КӨРСЕТУ» аталымы бойынша «БАС ЖҮЛДЕ» «Үштерек ансамблі» 5 «В» оқушысы Дүйсенғали Нұрай,5 «Б» оқушысы Исакова Нұрсұлу,5 «Б» оқушысы  Рейімбергенова Аида,
6 «Ғ» сынып оқушысы Қуатбай Бекнұр, 4 «Б» сынып оқушысы Қуатбай  Жанель,
7 «В» сынып оқушысы Мадиев Рауан марапатталды. Ансамбль жетекшісі Қарабекова Шаттық.
«БИ» аталымы бойынша 1- орынға ие болған «Асылым» би тобы марапатталды.
  Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар келген жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығына арналған Республикалық оқушылар айтысында мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жұмабек Ерасыл жүлделі 3-орынға ие болды.  Сондай-ақ қазылар алқасының және ұйымдастырушылардың шешімімен Жұмабек Ерасыл, наурыз айында Түркістан қаласында өтетін Республикалық ақындар айтысына және Тараз қаласында өтетін Халықаралық айтысқа шақырту алды.
  Тәуелсіздіктің 30 жыл  мерекесіне арналған  турнирде 8"Ә "сыныбының оқушысы Алдібай Ермахан Нуржауұлы 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында Алматы облысы чемпионатында 50кг салмақ дәрежесінде 2-орын алды. 
Тренері: Прназаров Жумабек Аралбаевич. 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив