05
апрель
2023
Үштерек орта мектебі ашық есік күніне сіздерді шақырады
Мектебімізде дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекққор жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында 7 сәуір күні «Отбасы - бақыт мекені» атты тақырыпта мектепішілік ата – аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа мектеп директоры Р.Ә.Жұрын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,мектеп психологтары және сынып жетекшілер қатысты.
Бала тәрбиесі – баршаның ісі деп бекер айтпаған. Жиналыстың басында мектеп басшысы сөз алып күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.
Ата – аналар мен балалардың арасындағы психологиялық қарым – қатынасты нығайту мақсатында ата - аналар мен ойын терапиясын ұйымдастырып, өте қызықты өтті. Сондай – ақ, жиналыс жоғарғы деңгейде өтті, жиналысқа белсене қатысқан ата – аналарға үлкен рақметімізді айтамыз.
Сондықтан да, сөзіміз – түзу, еңсеміз – биік, рухымыз – мықты болсын десек бірлесе жұмыс жасайық.