Сабақты зерттеу
Сабақты зерттеу-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің даму жолы Білім сапасын арттыру мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың білім алуын зерттеді.Сабақты зерттеу арқылы іс- тәжірибе алмасып, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда 2 «Е» сыныбында қазақ тілі пәнінен сабақты зерттеу жұмысы жүргізілді. Бастауыш сынып мұғалімі М.Алпарова, А.Оразова, Г.Избасарова сабақ беру арқылы өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті.