Мектеп » Страница 2 » Үштерек орта мектебі
"Алматинская область білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Үштерек орта мектебі" отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
Жас Буын» атты оқушылар арасындағы әскери-саптық шеру байқауы өткізілді.
07
май
2025
Жас Буын» атты оқушылар арасындағы әскери-саптық шеру байқауы
Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, жастарды әскери-патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар аясында, 9 Мамыр – Жеңіс күні және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне арналған «Жас Буын» атты оқушылар арасындағы әскери-саптық шеру байқауы өткізілді. Аталған байқауға мектебіміздің 8 «Б», 10 «А», 10 «Ә», 10 «Б» сынып оқушылары белсене қатысып, саптық дайындық, әскери
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мектепішілік фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараға 1-2-3 сынып оқушылары белсене қатысты.
01
май
2025
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мектепішілік фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараға 1-2-3 сынып оқушылары белсене қатысты. Фестиваль барысында әр сынып түрлі ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық киіммен сахнаға шығып, ән айтып, би биледі. Фестиваль оқушылардың достығын арттырып, әртүрлі халықтардың салт-дәстүріне деген қызығушылығын оятты. Мереке өте көңілді әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті.
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мектепішілік фестиваль жоғары деңгейде өтті.
01
май
2025
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған
1 мамыр күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мектепішілік фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараға 5-6-7 сынып оқушылары белсене қатысты. Фестиваль барысында әр сынып түрлі ұлттың мәдениетін таныстырып, ұлттық киіммен сахнаға шығып, ән айтып, би биледі. Фестиваль оқушылардың достығын арттырып, әртүрлі халықтардың салт-дәстүріне деген қызығушылығын оятты. Мереке өте көңілді әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті.
Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың татулығын, достығы мен ынтымағын дәріптейтін маңызды мереке.
01
май
2025
Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздегі түрлі ұлттар мен
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың татулығын, достығы мен ынтымағын дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күн – бірлік пен бейбітшіліктің, өзара сыйластықтың символы. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әрбір ұлттың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті қастерленіп, баршамызды ортақ мақсатқа біріктіреді – ол Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз берекелі болсын!
Облыстық заң және тәртіп керуені-2025 “Прокурордың жас көмекшісі пиллоттық жобасы
29
апрель
2025
Облыстық заң және тәртіп керуені-2025 “Прокурордың жас көмекшісі
Облыстық заң және тәртіп керуені-2025 “Прокурордың жас көмекшісі пиллоттық жобасы аясында,ауданымызда өтілген іс-шараға мектебіміздің 7 “Б” сынып оқушысы Уснатдин Диас Айбекұлы прокурордың жас көмекшісі атанып, прокурордың жас көмекшісі кәуілігін алды.
“Таза Қазақстан» акциясы аясында тұқым отырғызудың басты мақсаты — табиғатты сақтау, экологияны жақсарту және келер ұрпаққа жасыл әрі таза елді мекен қалдыру.
24
апрель
2025
“Таза Қазақстан» акциясы аясында тұқым отырғызудың басты мақсаты —
“Таза Қазақстан» акциясы аясында тұқым отырғызудың басты мақсаты — табиғатты сақтау, экологияны жақсарту және келер ұрпаққа жасыл әрі таза елді мекен қалдыру. Бұл шара арқылы біз қоршаған ортаға жанашырлық танытып, ағаштардың санын көбейтуге үлес қосамыз. Әр отырғызылған тұқым — болашақтың жасыл кепілі. Таза ауа, көлеңкелі бақтар мен сұлулыққа толы табиғат — бәрі осы бастамадан басталады. #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы
« Кітаптың күші - болашақты қалыптастырады»  мерекелік сағат өткізілді.
23
апрель
2025
« Кітаптың күші - болашақты қалыптастырады» мерекелік сағат
23 - сәуір Халықаралық кітап күні.Үштерек орта мектебі кітапханасында Менің сүйікті кітабым тақырыбында көрме ұйымдастырылып, « Кітаптың күші - болашақты қалыптастырады»  мерекелік сағат өткізілді. Школьникам Кітап - рухани қазына, ұлттық құндылығымыз екені түсіндірілді. #Балалар кітапханасы, #Бала көзімен, #23-сәуір -кітап күні
2025 жылдың көктемінде мектептің 11-сынып түлектері өздерінің соңғы оқу жылын есте қаларлықтай етіп аяқтау мақсатында ерекше бастама көтерді.
18
апрель
2025
2025 жылдың көктемінде мектептің 11-сынып түлектері өздерінің соңғы
2025 жылдың көктемінде мектептің 11-сынып түлектері өздерінің соңғы оқу жылын есте қаларлықтай етіп аяқтау мақсатында ерекше бастама көтерді. Олар мектеп ауласында шырша ағашын отырғызды. Бұл игі іс түлектердің туған мектебіне деген құрметі мен алғысын білдірудің жарқын белгісі болды. Шырша ағашын отырғызу барысында түлектер болашақта осы ағаш биікке бой түзеп, өздері секілді білім мен парасаттылықтың символына айналады деген тілектерін білдірді. #юіртұтас_тәрбие
"KURSANT FEST" кәсіби бағдар беру көрмесі өткізілді.
18
апрель
2025
"KURSANT FEST" кәсіби бағдар беру көрмесі өткізілді.
2025 жылдың 18 сәуір күні, сағат 11.00-15.00 аралығында аудандық білім бөлімінің «KursAnt Bilim Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалған меморандум негізінде мектеп бітіруші түлектерге арналған Халықаралық және ҚР аумағында орналасқан жоғарғы оқу орындарының «KURSANT FEST>>> кәсіби бағдар беру көрмесі өткізілді. Көрмеге 30-ға жуық жоғарғы оқу орыны мен 2500 бітіруші түлек қатысты. Аталған шараға ҚР Ғылым және Жоғары білім министрінің кеңесшісі - Руслан Емелбаев қатысты.
Мектебімізде 14 сәуірден бастап Қарасай аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп ұжымына,білім алушыларға және ата-аналарға қоқыс тастау мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
16
апрель
2025
Мектебімізде 14 сәуірден бастап Қарасай аудандық білім бөлімінің
Мектебімізде 14 сәуірден бастап Қарасай аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп ұжымына,білім алушыларға және ата-аналарға қоқыс тастау мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. #біртұтас_тәрбие #тәрбие_саласы тәрбиеалматыоблысы