13
февраль
2024
Оқымаса ой тоқырайды"
"Оқымаса ой тоқырайды" Адам өмір бойы оқып, өзін жетілдіруге үнемі көңіл бөліп жүруі тиіс. Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Оқылған әрбір кітап бір-бір тәжірибелі ұстазға, ақыл қалтаға ұқсайды. 13 ақпанда Үштерек орта мектебі кітапханасының ұйымдастыруымен ұстаздар мен оқушылардың арасында "Мен оқыған шығарма" тақырыбында ауызша сауалнама жүргізілді. Әдебиет сүйер оқырмандар өз оқыған шығармалары жөнінде ой бөлісті. Сауалнамаға қатысқан ұстаздар бала тәрбиесіндегі жұмыстарының қауырттығы мен қиындығына қарамастан уақыт тауып көркем туындылар оқып жүретіндігін танытты. "Кітап - өмірдің ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқыMay, өмірді білу, білім алу мүмкін емес" - деп Серке Қожамқұлов атамыз айтқандай адамның әр оқыған шығармасы санасына серпін беріп, рухани азық болатындығы сөзсіз.